Шымкентте жүкті әйелдерді емдеуге арналған патология бөлімшесі ашылды

Шымкентте жүкті әйелдерді емдеуге арналған патология бөлімшесі ашылды

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасында жүкті әйелдерді емдеуге арналған патология бөлімшесі ашылды. Орталық жұмысының жас аналар үшін маңызы зор. Онда дәрігерлер жүктіліктің 34 аптасынан бастап, жүкті келіншектерді түрлі патологиялар бойынша бақылауда ұстайды.

Жаңадан ашылған бөлімшеде ЭКО арқылы жүкті болған, мерзімінен асқан жүктілік, артериалдық гипертензияның орта дәрежесі, жеңіл преэклампсия, анемияның ауыр дәрежесі, гестациялық қант диабетінің компенсация сатысында жүкті келіншектірді емдейді.

Ал, ең бастысы - медицина ұйымы толығымен заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, жаңадан ашылған бөлімше перзетханаға дейін келіншектер ем қаблыдайды. Ауруханаға қарасты перзентханада зертханалық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Қабылдау бөлімінде шұғыл шақырылым жүйесі орнатылған. Бұл бойынша науқасқа қажет болған мамандар жедел шара қабылдауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, өткен жылы бұл перзентханада – 3 500-ден астам ана нәрестелі болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 751 босануға артық.

Қызықты
Ресми ресурстар
Өзекті
Серіктестер
Сайт находится в разработке