Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорының бос орны туралы хабарлайды - 1 бірлік.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорының бос орны туралы хабарлайды - 1 бірлік.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептеледі.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» сәйкес бос орын«Қалалық қан орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныныңдиректоры қызметіне конкурс жариялайды.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры – 1 бірлік.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептеледі.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 «А» үй, 6 қабат, 607 кабинеті.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес донорлардан қан дайындау, медициналық ұйымдарға трансфузиологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

«Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданы, 442,Сымтетік: 8(7252) 77-52-33.

Қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының қызмет орнына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:

медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейін бойынша);

"Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

не

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Анықтама сымтетіктері: (8-725-2) 56-23-11.

Қызықты
Ресми ресурстар
Өзекті
Серіктестер
Сайт находится в разработке