Шымкент қаласындағы емхана дәрігерлері сауда орталығында қабылдау жүргізді.
Шымкент қаласындағы емхана дәрігерлері сауда орталығында қабылдау жүргізді.
Бұл жолы ақ халаттылар «Мега Планет» ойын-сауық орталығына келушілерді ВИЧ инфекциясына тексерді.
«Мега» ойын-сауық орталығына келген қонақтар бұл күні ойламаған жерден дәрігердің қабылдауында болды
Айта кетейік, бұл іс шара «Өз статусыңды біл» атты акция аясында өтуде. Шара барысында терапевт, дерматовенеролог, уролог, гинеколог, ЖИТС-тің алдын алу және оған карсы күрес орталығының мамандары тегiн кеңес беруде.
Ең бастысы ақ халаттылар экспресс-тест арқылы орталыққа келген тұрғындарды ВИЧ инфекциясына тексерді. Бұл әдіс арқылы дәрігерлер он бес минуттың ішінде статусын анықтап берді.
Сауда орталығында жүргізілген медициналық тексеру жұмыстары кезінде 100-ден аса тұрғын дәрігердің қабылдауында болған. Ал 50-ге жуық азамат экспресс-тест арқылы ВИЧ статусын анықтады. Жалпы мұндай инфекцияны анықтайтын тексеру жұмыстары 15 — желтоқсанға дейін өзге де қоғамдық орындарда өткізіледі.