В және С гепатиттерін ерте анықтау үшін кімдер скринингтен өте алады?
- 12, April 2023
- Жаңалықтар
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеру тәуекел топтарына жүргізіледі
1) медицина қызметкерлері:
• қанды өңдеуге қатысатын инвазивті процедураларды жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;
• хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін профильдер;
• клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;
2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;
3) гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
4) гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер;
5) жүкті әйелдер;
6) өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар.