Тіс емдеу кімдер үшін тегін?
- 26, May 2023
- Жаңалықтар
? МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға дантинст қандай жағдайда тегін көмек көрсетуі тиіс?
?ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙДА:
КІМДЕРГЕ?
18-жасқа дейінгі балалар
жүкті әйелдер
ҰОС ардагерлері
зейнеткерлер
1,2 және 3 топтағы мүгедектер
«Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелері
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар
Мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар
?КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ТҮРЛЕРІ:
жансыздандыру
салманы дайындау және орналастыру
жансыздандыру арқылы тіс жұлу
периостотомия
абцесті ашу
ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ:
КІМДЕРГЕ?
?18-жасқа дейінгі балалар
?жүкті әйелдер
КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ТҮРЛЕРІ:
? жансыздандыру арқылы тіс жұлу
? салманы дайындау және орналастыру
? Мектептер бойынша тегін көмек оқушылардың көзі тексеріледі:
ауыз қуысын тексерістен өткізу
жарықтарды жабу (тістердің беткейінде орналасқан табиғи ойықтар)