МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай білуге болады?

  • 15, July 2022
  • Жаңалықтар

 

Медициналық сақтандыруға 15,5 млн адам қатысады. Егер сіз сақтандырылған мәртебеңізді және өзіңіз үшін жарналардың түсетінін не түспейтінін білмесеңіз, оны бірнеше жолмен тексеруге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылғандарға МӘМС бойынша қажетті медициналық қызметтерді қалай алуға болатынын айтып берді.

 

Көптеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қалай алуға болады деп ойлайды, өйткені МӘМС бойынша тар бейінді дәрігерлердің консультациялары, гормондарға талдаулар, КТ/МРТ және басқа да қажетті диагностикалық қызметтер қолжетімді болып келеді.

Бірінші қадам-өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексеру.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.

  1. Egov.kz. электрондық үкімет порталы

Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН-ді енгізу қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.

  1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты

 

«Мәртебені анықтау» қалқымалы терезесі сайт бетінің оң жақ бұрышында орналасқан. Оны басу және ЖСН-ді енгізу жеткілікті.

  1. Goldau 24/7 мобильді қосымшасы.

PlayMarket немесе AppStore-да қосымшаны жүктеп алыңыз. Мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айға төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.

  1. Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.

Ботты іске қосу үшін келесі сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына оның атын енгізіңіз, содан кейін «Сақтандыру мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН-ді енгізіңіз.

Жазбаны бөлісу